«2023–2032 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖӘНЕ ЖАСТАР ХОККЕЙІН ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ»
Мақсаты: Хоккейді насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу, балалар мен жастарды хоккеймен, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға жаппай тарту.
Міндеттер:
1) Балалар-жасөспірімдер, әуесқой, кәсіби хоккейді және бұқаралық спортты дамыту;
2) Хоккейшілерді барлық деңгейде даярлау жүйесін жетілдіру;
3) Хоккей бойынша жаттықтырушылар құрамын, төрешілерді және басқа да мамандарды даярлау;
4) Ұлттық құрама командаларды халықаралық жарыстарға дайындау және олардың қатысуын қамтамасыз ету;
5) Хоккейдің материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымын жетілдіру, хоккеймен айналысуға және спорттық жарыстар өткізуге арналған спорт нысандарын салу және реконструкциялау бағдарламаларын іске асыруға қатысу.