31 июля 2026
Қазақстанның U18 қыздар құрамасы Братиславадағы турнирде бесінші орын үшін ойнайды

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U18 World Selects Invitational халықаралық турнирінің топтық кезеңін аяқтады. Қорытынды ойын күнінде Мария Федоренконың шәкірттері Канаданың Western Prime Selects U18 және Pro Hockey U18 командаларына қарсы матчтар өткізді.
Алғашқы кездесуде қазақстандық хоккейші қыздар Анфиса Новикованың дублінің арқасында екі рет есепте алға шықты. Алайда қарсылас ойын тізгінін өз қолына алып, матчты өз пайдасына аяқтады – 3:2.
Қазақстан U18 – Western Prime Selects U18 – 2:3 (2:1, 0:2)
1:0 – 06:59 – Новикова (Шуклина)
1:1 – 10:41 – Швертнер (Декларк)
2:1 – 16:08 – Новикова (Муравьева)
2:2 – 24:14 – Стрит (Андертон, Кларк)
2:3 – 26:38 – Стрит, басым құрамда
Ойын күніндегі екінші матчта Қазақстан құрамасы Pro Hockey U18 командасымен кездесті. Бірінші кезеңнен кейін жерлестеріміз 0:3 есебімен ұтылып жатқанымен, екінші кезеңде есеп айырмасын әуелі 2:3-ке, кейін 4:5-ке дейін қысқартты. Дегенмен тартысты өткен кездесудің соңында қарсылас алтыншы шайбасын соғып, жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы сапында Анфиса Новикова хет-трик авторы атанса, тағы бір шайбаны Злата Попова соқты.
Қазақстан U18 – Pro Hockey U18 (Солтүстік Америка) – 4:6 (0:3, 4:3)
0:1 – 10:15 – Власик (Вудс)
0:2 – 10:17 – Сильвестер
0:3 – 14:53 – Коуэн (Фицпатрик)
1:3 – 21:12 – Новикова, басым құрамда
2:3 – 24:30 – Новикова
2:4 – 26:06 – Лаплант (Уайатт)
2:5 – 29:44 – Уайатт (Паллотта, Сильвестер)
3:5 – 31:50 – Попова (Кириченко)
4:5 – 35:08 – Новикова (Муравьева), басым құрамда
4:6 – 39:59 – Вудс
1 тамыз күні Қазақстанның U18 қыздар құрамасы турнирдің бесінші орны үшін матч өткізеді. Біздің команданың қарсыласы тағы да Канаданың Pro Hockey U18 ұжымы болады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ