ҚӘЧ-U18. Қазақстан командасының Нидерландыға қарсы ойнайтын құрамы

18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының төртінші матчында Қазақстан құрамасы Нидерланд құрамасына қарсы ойнайды. Қазіргі таңда біздің қыздар Жаңа Зеландия, Латвия және Түркия құрамаларын жеңіп, турнир кестесінде бірінші орында тұр. Алдағы қарсыластар турнир барысында бір ғана жеңіске жеткен. Команданың бапкерлер штабы ойынға арналған келесі құрамды ұсынды:
Қақпашы: Яковлева (Павловская)
Куклина - Нигматуллина, Муравьева (А) - Зубкова (К) - Лившиц
Емцева - Жұмаш, Шуклина - Какаулина - Новикова (А)
Рахатқызы - Бралина, Попова - Жакулина - Климова
Иншакова - Фомина, Саяхатқызы - Тимон - Берікова
Бас бапкер: Мария Федоренко
Кездесу Астана уақытымен 18:30-да басталады. Матч тікелей эфирде InHockey.tv платформасында көрсетіледі.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ