Астанада Қазақстан чемпионатының төрешілері қатысқан PRO Ligasy төрешілер жиыны өтті. Үш күн бойы қатысушылар мұз айдындарында жаттығулар жасап, жалпы дене дайындығы бойынша сабақтарға, теориялық дәрістер мен семинарларға қатысты. Сондай-ақ мұзда және залда нормативтер тапсырды. Барлығы жиынға 33 қазақстандық төреші қатысты, бұған дейін жастар және қыздар лигасының төрешілер жиынына 34 маман қатысқан болатын.
Қорытынды дәрісті ҚХЛ-дың бас төрешісі Алексей Анисимов пен Ресей хоккей федерациясының төрешілер басқармасының бастығы Михаил Карпушин өткізді.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры