logo
6 апреля 2026
Қазақстан жасөспірімдер командасы «Снежные Барсы» командасымен жолдастық матч өткізеді
10 сәуір күні «Барыс Аренаның» Б блогында Қазақстан жасөспірімдер командасы «Снежные Барсы» командасымен жолдастық матч өткізеді. Бұл матч жасөспірімдердің әлем чемпионатына дайындығының бірінші кезеңін түйіндейді, әрі қарай Максим Худяковтың ойыншылары 25 хоккейшіден тұратын кеңейтілген құраммен Польшаға аттанып, турнирге дайындықты жалғастырады. Кездесу қазақстандық уақытпен 12:45-те басталады. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ