logo
27 апреля 2025
ЖӘЧ-2025. Украинадан жеңіліп, үшінші орын алдық
Қазақстан құрамасының қорытынды матчында күміс медальдің тағдыры шешілді. Қарсылас – Даниядан басқа командаларды жеңген Украина. Даниялықтар бес матчтың бесеуінде жеңіп, бірінші орынды иеленді. Бірінші болып украиндықтар салды, Әлішер Сәркенов екінші кезеңде артық құраммен есеп теңестірді, алайда бес минуттық айып уақытынан кейін қарсылас тағы екі шайба салды. Ойын кезеңінің аяқталуына үш минут қалғанда Әлихан Бақыт есеп алшақтығын азайтты. Үшінші кезеңде біздің хоккейшілер есеп теңестіре алмады және жеңіс Украина командасына бұйырды. Матчтың үздік ойыншысы – Дамир Бритиков. 

Қазақстан U18 - Украина U18 2:3 (0:1, 2:2, 0:0)
0:1 - 00:48 - Выставкин (Ратушняк, Косарев) 
1:1 - 29:37 - Сәркенов (Макыш, Ибрагим) ГБ
1:2 - 33:26 - Косарев (Ратушняк, Выставкин) 
1:3 - 33:26 - Ратушняк (Сухытски Васяк)
2:3 - 36:48 - Бақыт (Миндубаев, Түсіпбеков) 
Қақпашылар: Лыткин - Бобров

Осылайша, Қазақстан құрамасы «қоланы», Украина «күмісті» иеленді. Топ-дивизионға Дания командасы шықты.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ