logo
25 декабря 2024
Yandex Qazaqstan және Кинопоиск Қазақстан хоккей федерациясымен матчтарды трансляциялау және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Yandex Qazaqstan және Кинопоиск Қазақстанда спортты қолдау мен танымал ету мақсатында күш біріктірді. Қазақстан хоккей федерациясымен жасалған келісім хоккейді қазақстандық жанкүйерлерге қолжетімді етіп, бұл спорт түріне жаңа аудиторияны тартуға мүмкіндік береді.

Келісім аясында Кинопоиск Қазақстан аумағындағы хоккей матчтарының негізгі хабар таратушысы болады. Яндекс Плюс жазылушылары негізгі спорттық оқиғаларды, соның ішінде келесілерді тамашалай алады:

  • Қазақстанның ішкі чемпионаты – қазақстандық командалардың қатысуымен өтетін ұлттық чемпионат ойындары.

  • Халықаралық турнирлер мен көрме матчтары – әлемдік деңгейдегі танымал халықаралық жарыстар мен көрме ойындары, оның ішінде хоккейден әлем Чемпионаты, Еврохоккейтур, Шпенглер кубогы және басқа да жарыстар.

«Қазақстан хоккей федерациясы үшін Кинопоискпен әріптестік орнату маңызды қадам болып табылады. Қазіргі уақытта Кинопоиск қазақстандық аудиторияға бағытталған эксклюзивті контент құрумен айналысуда. Біз бұл үдерістің бір бөлігі болуға қуаныштымыз. Осы серіктестік арқылы қазақстандық хоккейдің елімізде одан әрі танымалданып, матчтарды көрудің қолжетімді әрі ыңғайлы болатынына сенімдіміз», — деп атап өтті Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев.



«Қазақстан хоккей федерациясымен әріптестік аясында көрермендерге сапалы трансляциялар мен спорттық мазмұнды кеңейту ұсынылады. Кинопоиск аудиториясы Қазақстанда спортқа қызығушылық танытып, тұрақты түрде спорттық трансляцияларды тамашалайды. Сондықтан біз Қазақстанның спорттық қозғалысына қатысып, жаңа буын хоккей жанкүйерлерін шабыттандыруға ерекше қуаныштымыз», — деді Владимир Горбунов, Орталық Азия мен Кавказдағы Яндекс Плюс пен Яндекс ойын-сауық қызметтерінің бас директоры. 

Кинопоиск 2024 жылдың тамызынан бастап “Спорт” бөлімін іске қосты, бұл бөлімде футбол, хоккей, жекпе-жек спорт түрлері, автожарыс, баскетбол және теннис сияқты негізгі спорттық іс-шаралардың трансляцияларын көруге болады. Оның ішінде:

  • Футбол: Лига Чемпиондары, АПЛ, Ла Лига, Серия А, Бундеслига, Қазақстан Премьер-Лигасы (QArena, QLeague, QFootball).

  • Жекпе-жек: UGC, Top Dog, RCC Hard, Fight Nights және Naiza MMA промоушені (Sport+Qazaqstan арнасы).

  • Автоспорт: Формула-1 жарыстары мен трансляциялары.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ