1 августа 2026
World Selects Invitational U18. Қазақстанның U18 қыздар құрамасы турнирді алтыншы орынмен аяқтады

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Словакияның Братислава қаласында өткен World Selects Invitational U18 халықаралық турниріндегі өнерін аяқтады. Бесінші орын үшін өткен матчта Мария Федоренконың шәкірттері топтық кезеңде жол берген Канаданың Pro Hockey U18 (North America) командасымен қайта кездесті.
Алғашқы кезеңнен кейін таблодағы есеп 1:1 болды. Екінші кезеңде канадалық команда алға шығып, матч соңына дейін басымдылығын сақтап қалды. Қазақстан құрамасы сапында Ихсана Мәдиярқызы мен Анфиса Новикова мергендік танытты.
Қазақстан U18 – Pro Hockey U18 (North America) – 2:4 (1:1, 1:3)
0:1 – 5:04 – Клеменс (Хинрихс)
1:1 – 7:17 – Мәдиярқызы (Муравьева, Шуклина), басым құрамда
1:2 – 25:55 – Лукас (Уайатт, Клеменс)
1:3 – 30:32 – Вудс (Сильвестер), басым құрамда
2:3 – 34:32 – Новикова (Муравьева)
2:4 – 37:46 – Сильвестер
Қақпашылар: Клоук – Яковлева
World Selects Invitational U18 турнирінің қорытындысы бойынша Қазақстанның U18 қыздар құрамасы алтыншы орынға ие болды. Соңғы матчтағы жеңіліске қарамастан, бұл турнир Солтүстік Америка мен Еуропаның мықты командаларына қарсы ойнап, халықаралық тәжірибе жинақтауға жақсы мүмкіндік болды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ