logo
18 ноября 2024
Өскеменде U18 Қазақстан қыздар құрамасының ОЖЖ екінші кезеңі өтіп жатыр

16 қараша күні Өскеменде 2025 жылдың 20 және 26 қаңтары аралығында өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында хоккейден юниор қыздар құрамасының оқу-жаттығу жиындарының екінші кезеңі басталды.

Дайындықтың бірінші кезеңі жалпы дене дайындығы мен арнайы дайындықты қамтып, тамыз айында Бұқтырма су қоймасында өткен болатын, ал екінші кезеңі жоспарланған жолдастық матчтарымен бірге мұздағы жиын форматында өтуде.

Жиынға 24 спортшы шақырылды. Жиындар 26 қараша күні аяқталады.

Фото: баспасөз қызметі https://hctorpedo.pro/

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ