Алматыда хоккейден ТЖМ кубогі аяқталды

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері арасында шайбалы хоккейден алғаш рет ҚР Төтенше жағдайлар министрінің кубогі өтті.
Жарысқа еліміздің сегіз өңірінен командалар қатысты. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Қарағандының «Қыран» командасы иеленді. Екінші орын Алматының «Барысына», ал үшінші орын Солтүстік Қазақстан облысының «Қызылжар» командасына бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан хоккей федерациясының өкілдері қатысып, турнирді ұйымдастырушыларға республикада хоккейді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ