Алматыда қыздар ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Қазақстанның қыздар ұлттық құрамасы IB дивизионындағы қыздар арасындағы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда. Қыздар 22 наурызда жиналып, алғашқы кезеңді 1 сәуірде аяқтайды. Бұл жолы тұтас резерв, оның ішінде жасөспірімдер құрамасы да шақырылды. Күніне екі реттік жаттығуларға оқу-жаттығу сабақтары, екіжақты ойындар және залдағы жұмыстар кіреді.
Әлем чемпионаты 12–18 сәуір аралығында өтеді, онда біздің қыздар Латвия, Нидерланд, Корея, Ұлыбритания және Испания құрамаларына қарсы ойнайды.
Назарларыңызға жиыннан фотосуреттер ұсынамыз:
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ