logo
6 сентября 2024
Олимпиадалық біліктіліктің статистикалық қорытындысы: Шутов – үздік қақпашы, Михайлис пен Бреус – үздік бомбардирлер

Олимпиадалық біліктіліктің финалдық раунды аяқталды. Үш топтағы турнирлердің қорытындысы бойынша Италиядағы ойындарға Словакия, Латвия және Дания аттанады. Сегіз команда ИИХФ рейтингісіне сәйкес анықталды, олимпиаданың хоккей турниріне біріншіден сегізіншіге дейінгі орындарды иеленген командалар қатысады, тоғызыншы команда ОО иесі – Италия болмақ.

Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына өте алмады. Алайда ойыншылардың жекелеген жетістіктерін атап өткен жөн, бірнеше санаттар бойынша біздің ойыншылар қарсыластарды басып озды. Турнирдің статистикалық қорытындысын жасайық.

Осылайша, турнирдің үздік бомбардирі мен сұрмергені – Никита Михайлис. Ол үш матчта төрт шайба салды. Оның Венгрия құрамасының қақпасына салған хет-тригін атап өткен жөн.

Бомбардирлер тізімінде екінші орында Дмитрий Бреус тұр. Ол 3 (2+1) балл жинады. Бұл ретте оның Венгрия құрамасының қақпасына салған шайбасы Қазақстан құрамасы сапындағы дебюттік шайбасы болды. Сонымен қатар ол қорғаушылар арасынан да үздік бомбардир атанды.

Ассистенттер арасынан үшінші қатарда «Хумо» шабуылшысы Артем Лихотников тұр, форвард турнирде 2 (0+2) балл жинады.

+/- көрсеткіші бойынша турнир статистикасының көшбасшысы – Тамирлан Гайтамиров, оның нәтижесі +4. Роман Старченко +3 көрсеткішімен үшінші орында.

Андрей Шутов – турнирдің үздік қақпашысы. Оның есебінде үш кездесудегі екі жеңіс бар және тойтарылған соққыларының пайызы ең жоғары – 94,87%. Ол орта есеппен әр ойында 2 шайба өткізді. Бұл ретте голкипер таңғажайып сейв жасады – үш матчта 111 соққыға тойтарыс берді. Салыстырар болсақ, статистикада екінші орында тұрған Словакия құрамасының қақпашысы Самуэль Главай 70 соққының 65-іне тойтарыс берді.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ