logo
14 мая 2026
Қазақстан қыздар ұлттық құрамасының әлем чемпионатындағы өнерін қорытындылау бойынша есеп беру жиыны өтті
Қазақстан хоккей федерациясы кеңсесінде Испанияда өткен әлем чемпионатындағы Қазақстан қыздар ұлттық құрамасының өнерін қорытындылауға арналған есеп беру жиыны ұйымдастырылды. Жиында команданың бас бапкері Александр Тебеньков пен бас менеджері Виктория Сазонова есеп берді. Еске салсақ, өткен әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы былтырғы нәтижесін жақсартып, ІВ дивизионында қола жүлдеге ие болды. Ал бір жыл бұрын команда турнирді төртінші орында аяқтаған еді. Жиын барысында құраманың әлем чемпионатындағы ойын нәтижелері қорытындыланып, турнирдің негізгі сәттері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстан қыздар ұлттық құрамасын алдағы жарыстарға дайындаудың басым бағыттары айқындалды. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ