14 және 21 қараша аралығында Сочиде 15 жасқа дейінгі жасөспірім командалары арасындағы «Территория хоккея» турнирі өтеді. Жарыстарға Қазақстан құрамасы қатысады және «В» тобында өнер көрсетеді, біздің хоккейшілер Ресейдің федералдық округтерінің құрамаларына қарсы ойнайды. Назарларыңызға құрамамыздың топтық кезеңдегі матчтарының кестесін ұсынамыз:
14 қараша, 12:00 – Мәскеу құрамасы – Қазақстан
15 қараша, 19:00 – Приволжский ФО – Қазақстан
17 қараша, 12:00 – Южный ФО – Қазақстан
18 қараша, 19:00 – Қазақстан – Центральный ФО
20 қараша, 12:00 – Сибирский ФО – Қазақстан
Топтық кезең аяқталғаннан кейін плей-офф өтеді, онда қос топтың командалары кездеседі.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ