Олимпиадалық біліктіліктің финалына жолдама беретін шешуші матчта Қазақстан әйелдер құрамасы Италиядан 1:2 есебімен жеңілді. Біздің хоккейшілер бірінші кезеңнің басында есеп ашып, ол 43-минутқа дейін өзгеріссіз қалып, әрі қарай қарсыластар көпшілік құраммен есеп теңестірді. Көп ұзамай, тіпті алға шықты. Осылайша, Италия құрамасы 9 ұпай жинап, топтан бірінші орын алды әрі Пекинде өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасы үшін тартысады.