logo
15 мая 2026
Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Азамат Айтхожинді туған күнімен құттықтаймыз!
Қазақстан хоккей федерациясының ұжымы ҚХФ бас директоры Азамат Айтхожинді туған күнімен құттықтайды!
Азамат Серікұлы спорт және мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибеге ие. Әртүрлі жылдары ол спорт ұйымдары мен ведомстволарда басқарушы қызметтер атқарды, «Астана» футбол клубын басқарды, сонымен қатар Қазақстан футбол федерасының басшылық құрамында жұмыс жасады. 2025 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры.
Азамат Серікұлына мықты денсаулық, амандық, сарқылмас күш-қуат, кәсіби қызметінде табыстар және қазақстандық хоккейді дамыту жолында жаңа жетістіктер тілейміз! 
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ