29 октября 2025
Қазақстан қыздар құрамасының Азия чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамы жарияланды

5–8 қараша аралығында Өскеменде әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Біздің қыздар турнирдің жүлделері үшін Жапония, Қытай және Корея командаларымен тартысқа түседі. 30 қазанда Өскеменде жарысқа дайындық аясындағы оқу-жаттығу жиыны басталады. Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына еліміздің төрт клубының хоккейшілері шақырылды: «Айсұлу» және «Айсұлу Таңдаулы» (Алматы), «Томирис» (Астана) және «Торпедо» (Өскемен). Кеңейтілген тізімге 26 ойыншы енді – оның ішінде 23 алаң ойыншысы және 3 қақпашы бар. Ал турнирге арналған негізгі құрамда 23 хоккейші болады:
Қақпашылар: Вероника Агеева, Полина Говтва (обе - «Торпедо»), Арина Щеколова («Томирис»);
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Дария Молдабай (А), Александра Воронова (барлығы – «Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі де – «Торпедо»), Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Турсынова (барлығы – «Айсұлу»);
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова (А), Пернеш Ашимова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (барлығы – «Айсұлу»), София Зубкова, Кира Крухольская, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева (К), Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы – «Томирис»), София Муравьева, Мадианна Нусупова (екеуі де – «Айсұлу Таңдаулы»).
Бапкерлер штабы:
Бас бапкер – Александр Тебеньков
Бапкерлер – Жасулан Оразбаев
Қақпашылар бапкері – Дарья Дмитриева
ЖДД бойынша бапкер – Дмитрий Колодюк
Бас менеджер – Виктория Сазонова
Бұған дейін Азия қыздар чемпионатының кестесі жарияланған болатын.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ