logo
6 февраля 2026
Мыльников – турнирдің MVP, Бигаринов – үздік шабуылшы
Eurasia Jastar Cup Kazakhstan қорытындысы бойынша турнирдің үздік ойыншылары анықталды. Үздік қақпашы – U16 Ресей құрамасының голкипері Добрыня Сучков. Үздік қорғаушы – U17 Беларусь құрамасының ойыншысы Алексей Сансевич. Үздік шабуылшы – Қазақстан құрамасының форварды Таир Бигаринов. Ойыншы турнирдің үздік бомбардирі атанып, 8 (6+2) ұпай жинады, оның еншісінде Ресей U16 құрамасына қарсы матчтағы хет-трик бар. Eurasia Jastar Cup Kazakhstan турнирінің ең құнды ойыншысы – Қазақстан құрамасының қақпашысы Кирилл Мыльников. Голкипер Ресей және Беларусь құрамаларына қарсы екі жеңісті матч өткізіп, бар болғаны бір шайба ғана жіберіп алды, әрі ең көп соққыны қайтарды –53. Тойтарылған соққылар пайызы – 98,1, ал сенімділік коэффициенті – 0,5. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ