ЖӘЧ-2026. Қазақстан құрамасы Австрияны жеңіп, «күміс» иеленді

IA дивизионындағы жастар арасындағы әлем чемпионатының соңғы матчында Қазақстан құрамасы Австриямен кездесті. Қарсылас ойын басында қатарынан төрт шайба соқты, алайда 45-минутқа қарай қазақстандық хоккейшілер есепті теңестірді. Матч соңында Австрия құрамасы топ-дивизионға жолдаманың тағдыры шешіліп жатқандықтан алтыншы шабуылшыны ойынға қосты. Осы сәтте Корней Корнеев бос қақпаға шайба соғып, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады. «Жастарымыз» турнирді екінші орынмен аяқтады.
Қазақстан U20 - Австрия U20 - 5:4 (2:4, 0:0, 3:0)
0:1 - 03:41 - Вашниг (Хутзингер, Ньюмен)
0:2 - 07:13 - Коларик (Шнабль, Ошган) ГБ
0:3 - 08:05 - Шнабль (Коларик, Ошган) ГБ
0:4 - 15:22 - Ошган (Гессон, Шнабль) ГБ
1:4 - 17:40 - Сәркенов (Черкасов, Корнеев)
2:4 - 19:40 - Корнеев (Саркенов)
3:4 - 41:13 - Черкасов (Корнеев, Шипилин) ГБ
4:4 - 44:45 - Шипилин (Корнеев, Саркенов) ГБ
5:4 - 58:29 - Корнеев (Сәркенов) ПВ
Қақпашылар: Ряшин – Грашер
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ