logo
11 декабря 2025
ЖӘЧ-2026. Қазақстан құрамасы Францияны ірі есеппен жеңді
Словениядағы жастар әлем чемпионатының үшінші матчында Қазақстан құрамасы Франция командасымен кездесті. Бірінші кезеңде француздар 2:0 есебімен алға шықты, алайда кезеңнің соңына таман біздің хоккейшілер бір шайбаның есесін қайтарды. Екінші кезең сәттірек өтті: 20 минут ішінде бес шайба соғылды, соның төртеуі қазақстандықтардың еншісінде болды. Үшінші кезеңде ең көп гол тіркелді – Қазақстан құрамасы 9 шайба соқты, француздар үш голмен жауап берді. Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншысы болып осы ойында покер жасаған капитан Асанәлі Сәркенов танылды. Қазақстан U20 – Франция U20 14:6 (1:2, 4:1, 9:3) 0:1 – 05:57 – Фине (Хостейн) 0:2 – 07:27 – Риу (Нсонса Китала, Монарк) 1:2 – 16:44 – Божко (Әлібек) 2:2 – 24:28 – Шипилин (Зияш) 3:2 – 24:58 – Божко (Түсіпбеков, Сәркенов Ас.) 4:2 – 35:53 – Симонов (Миндубаев, Шевченко) 4:3 – 36:36 – Хостейн (Жриби-Шовьер, Риу) 5:3 – 39:41 – Корнеев (Божко) ГБ 6:3 – 40:49 – Черкасов 7:3 – 44:22 – Сәркенов Ас. (Божко) ГМ 7:4 – 44:30 – Монарк (Дюфур, Нсонса Китала) 8:4 – 44:48 – Алибек (Черкасов, Сәркенов Ал.) 8:5 – 46:03 – Каль (Дюфур) 9:5 – 47:14 – Сәркенов Ас. (Сәркенов Ал., Корнеев) 10:5 – 51:3 – Сәркенов Ал. (Корнеев) 11:5 – 51:12 – Сәркенов Ас. 11:6 – 52:32 – Каль (Фине, Гуидо) 12:6 – 52:48 – Корнеев (Түсіпбеков, Шевченко) ГБ 13:6 – 55:09 – Сәркенов Ас. (Божко) 14:6 – 57:27 – Черкасов (Әлібек) ГБ Қақпашылар: Қуат (Ряшин, 46:03-60:00) – Шох (Буде, 44:48 – 60:00) Бүгін кешке Қазақстан жастар құрамасы турнир кестесінің көшбасшысы – Норвегия командасымен ойнайды. Кездесу қазақстандық уақытпен 20:00-де басталады. ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ