logo
8 июня 2026
Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионатының «В» тобының матчтары Дюссельдорф қаласында өтеді
Халықаралық хоккей федерациясы әлем чемпионаты өтетін қалаларды жариялады. Соған сәйкес, Қазақстан құрамасы өнер көрсететін «В» тобының ойындары Дюссельдорфтағы 13 400 көрерменге арналған «ПСД Банк Доум» аренасында ұйымдастырылады. Бұл топта Қазақстан құрамасы Канада, АҚШ, Чехия, Словакия, Дания, Норвегия және Венгрия құрамаларымен кездеседі. Ал «А» тобының матчтарын 13 600 жанкүйерді қабылдай алатын Мангейм қаласындағы «САП Арена» өткізеді. Бұл топта Швейцария, Швеция, Финляндия, Германия, Латвия, Австрия, Словения және Украина құрамалары бақ сынайды. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ