logo
24 октября 2024
Федерация кубогі. Қостанай мен Түркістандағы ареналар алғаш рет балаларға арналған хоккей жарыстарын қабылдайды

Еліміздің 7 қаласында U9, U10 және U11 жас санаттарындағы балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы «Федерация кубогі» республикалық турнирінің жарыстары басталды.

5 және 11 қараша аралығында 2014 жылғы балалар арасындағы А тобының матчтарын Ақтөбе қабылдайды, Астанадан үш команда, Атыраудан, Ақтөбе мен Оралдан үш команда өнер көрсетеді. Дәл осы санаттағы Б тобының матчтары 26-28 қарашада Павлодарда өтіп, онда 6 ұжым: елордалық үш команда, Қарағандыдан, Павлодар мен Алматыдан командалар ойнайды. С тобының жарыстары Өскеменде 26 және 28 қазан аралығында өтеді, онда алматылық үш ұжым, сонымен қатар Өскеменнен, Ташкент пен Павлодардан командалар өнер көрсетеді. D тобының матчтары Қарағандыда 30 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Бұл топта төрт алматылық команда мен Астанадан және Қарағандыдан бір-бір командадан ойнайды.

U10 – 2015 ж.т. жас санатындағы жарыстар үш топпен өтеді. А тобын Орал 25 және 28 қараша аралығында қабылдайды. Хоккей жарыстарын алғаш рет Түркістандағы жаңа арена қабылдайды, онда 28 қазан мен 1 қараша аралығында В тобының матчтары өтеді. Ареналар арасындағы тағы бір дебютант – Қостанайдағы жаңа мұз сарайын. Мұнда 26 және 29 қазан аралығында С тобының матчтары өтеді деп жоспарланған.

Ең кіші U9 жас санатында А тобын Орал 18 және 21 қараша аралығында қабылдайды. В тобын Қарағанды 25 және 28 қазан аралығында қабылдайды. С тобында ең көп ұжым ойнайды – 10, матчтар 9 және 13 қараша аралығында Астанада өтеді. D тобын Өскемен 2 және 5 қараша аралығында қабылдайды.

Еске сала кетейәк, Федерация кубогінің матчтары 11 жасқа дейінгі балалар арасында кросс-айс форматында, мұзайдынның жартысында, турнир кестелері мен жүлделі орындарсыз өтеді. Барлық қатысушылар жарыстардың қорытындысы бойынша арнайы жүлделер мен сыйлықтар алады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ