БАК-Балалар. «Барыс» 2014 «Красная машинадан» овертаймда жеңілді

«Бірінші арна кубогі-Балалар» турнирінің үшінші матчында Қазақстан намысын қорғаған – «Барыс» 2014 «Красная машинамен» кездесті. Турнирдің алғашқы екі ойынында біздің жас хоккейшілер екі рет жеңіске жетіп, «алтынға» үміткер болған еді. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды, әрі ойын барысында есе жіберіп келе жатқан қонақтар 6-ға 5 форматында соңғы минутта есепті теңестірді. Өкінішке қарай, овертаймда қарсылас мықтырақ болды.
«Красная Машина» Юниор – «Барыс» 2014 – 4:3 ОТ (1:0, 1:1, 1:2, 1:0)
1:0 – 15:13 – Ротенберг (Зверев, Михалев) ГБ
1:1 – 24:54 – Айдар (Еркебұланұлы, Шадыжев)
2:1 – 33:01 – Михалев (Зверев) ГБ
3:1 – 42:22 – Михалев (Сұлтангереев, Зверев) ГБ
3:2 – 57:50 – Еркебұланұлы (Айдар)
3:3 – 59:10 – Айдар (Сейфуллин, Гильмутдинов) ГБ
4:3 – 63:26 – Михалев (Махин, Сұлтангереев)
Қақпашылар: Галиакбаров - Қанат
Осылайша, «Барыс» турнирде 5 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында тұр. Турнирдің қорытындылары ертең «Красная машина» мен «Сібір» арасындағы матчтан кейін шығарылатын болады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ