logo
5 октября 2024
ҚХФ PLAY TV компаниясымен серіктестікті тоқтататады

Қазақстанның хоккей федерациясы PLAY TV компаниясындағы әріптестерге көпжылдық серіктестік үшін алғыс айтады және хоккейді көрсету стратегиясын қайта қарайтыны жайлы хабарлайды.

ҚХФ бас директоры Глеб Каратаев қабылданған шешімге қатысты пікір білдірді: «PLAY TV компаниясына 4 жылдық жемісті серіктестік пен жақсы жұмыс үшін алғыс білдіреміз. Біз бірлесіп елімізде қазақстандық хоккейдің өндірісі мен телехабар тарату жүйесін дамытуға тырыстық. Және осы бағыттағы жұмыстың іргетасын қалай алғанымызға сенімдіміз. Алайда жылдам өзгеріп жатқан уақыттың, хоккей аудиториясының талабына, хоккей медиаөнімдерінің көлеміне сай әрі қарай дамып-ілгерілеу үшін тараптар Қазақстанның хоккей федерациясы хоккей бойынша хабар таратуды жеке жоба аясында дамыту жөнінде өзіне міндеттеме алатыны жөнінде келісімге келді. «Хоккей экожүйесі» деп аталатын біртұтас қосымшаны жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр және жақын уақытта аталмыш идеямен міндетті түрде таныстырамыз. Көрсетілімді жаңа платформаға бағыттау үшін және ұйымдастырушылық сәттерге белгілі бір өтпелі кезең қажет болады. Жанкүйерлерді туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді Глеб Каратаев.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ