Назарларыңызға 2025–26 жылғы маусымдағы Pro Ligasy-ның шешуші кезеңіндегі матчтар кестесін ұсынамыз.
Қазақстан чемпионатының финалдық сериясында Астананың «Номады» мен қарағандылық «Сарыарқа» ойнайды. Қазақстан ұлттық құрамасының бірінші дивизионның А тобы аясындағы әлем чемпионатына дайындық оқу-жаттығу жиындарының жақындауына, сондай-ақ «Номад» пен «Сарыарқа» құрамында ұлттық құрамаға үміткер ойыншылардың болуына байланысты Pro Ligasy финалының басталуын ертерек мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Төрт жеңіске дейін жалғасатын бұл текетірестің алғашқы матчы 1 сәуір күні елордада өтеді. Қажет болған жағдайда серияның жетінші ойыны 13 сәуірге жоспарланған.
«Торпедо» мен «Құлагер» арасындағы қола жүлде сериясы 7 сәуір күні Өскеменде басталады. Бұл серияда командалар үш жеңіске дейін ойнайды.
* финалдық серияның бесінші, алтыншы және жетінші матчтары қажет болған жағдайда өтеді.
** қола жүлдені анықтайтын серияның төртінші және бесінші матчтары қажет болған жағдайда өтеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ