Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы - Eurasia Jastar Cup Kazakhstan турнирінің жеңімпазы

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Eurasia Jastar Cup Kazakhstan турнирінің жеңімпазы атанды.
Кубок үшін шешуші матчта Қазақстанның жасөспірімдер командасы мен Ресейдің U16 құрамасы кездесті. Екі команда да турнир барысында Беларусь U17 және Ресейдің әйелдер құрамаларын жеңген болатын. Қазақстандық хоккейшілер Беларусь командасын 3:0 есебімен, ал Ресейдің әйелдер құрамасын 9:4 есебімен ұтты. Ресей құрамасы бұл қарсыластарын тиісінше 2:1 және 10:0 нәтижелерімен жеңді.
Шешуші ойында қазақстандықтар есепті алғаш ашты. Қарсылас таразы басын теңестіргенімен, алаң иелеріне қайтадан алға шығу үшін небәрі 10 секунд жеткілікті болды. Екінші кезеңде Таир Бигаринов есепті 3:1-ге жеткізді. Ал үшінші кезеңде шабуылшы хет-трик жасап, матчтың нүктесін қойды.
Қазақстан U18 – Ресей U16 – 4:1 (2:1, 1:0, 1:0)
1:0 – 06:40 – Бигаринов (Евплов, Тлеухан) ГБ
1:1 – 07:53 – Андреев (Попов)
2:1 – 08:02 – Кравченко (Бигаринов, Тлеухан)
3:1 – 28:34 – Бигаринов (Тлеухан, Кравченко)
4:1 – 57:26 – Бигаринов (Решетько, Кравченко)
Қақпашылар: Мыльников – Сучков
Осылайша, үш матчта да жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы Eurasia Jastar Cup Kazakhstan турнирінің жеңімпазы атанды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ