Eurasia Jastar Cup 2026. Жасөспірімдер командасы екіжақты матч өткізді

Eurasia Jastar Cup турниріне дайындық аясында Қазақстанның 18 жасқа дейінгі құрамасы екіжақты матч өткізді. Кеңейтілген құрам «Ақтар» мен «Көктер» болып бөлінді. Мұз айдынындағы тартыс өте тең дәрежеде өтті: есепте негізінен «Көктер» алда болғанымен, қарсыластар үнемі қуып жетіп отырды да, үшінші кезеңде есеп 3:3-ке теңесті. Ойын бөлігінің ортасына қарай «Көктер» қайтадан алға шықты, ал соңғы минутта бос қақпаға шайба соғып, матчтың нүктесін қойды.
Ақтар – Көктер 3:5 (1:2, 1:1, 0:2)
0:1 – 07:55 – Бигаринов
0:2 – 08:45 – Қайыржан
1:2 – 11:21 – Коленко
1:3 – 32:46 – Залевский
2:3 – 34:44 – Челюк
3:3 – 42:05 – Желтоножко
3:4 – 48:50 – Тілеухан
3:5 – 59:36 – Дәулетбек ПВ
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ