logo
7 мая 2026
ӘЧ-2026. Буллиттер сериясында жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын чемпион атандық!
ІА дивизионындағы әлем чемпионатының төртінші матчында Қазақстан ұлттық құрамасы Украина құрамасымен кездесті. Ойын есебін Всеволод Логвин ашты. Алайда қарсылас екінші кезеңнің басында таразы басын теңестірді. Кейін Кирилл Ляпунов пен Роман Старченконың соққан шайбалары Қазақстан құрамасын алға шығарды. Дегенмен, үшінші кезеңнің ортасына қарай Украина құрамасы 4:3 есебімен алға шықты. Әрі қарай Батырлан Мұратовтың дәл соққысы есепті теңестірді. Матчтан кейінгі буллиттер сериясында жеңіс шайбасын тағы да Батырлан Мұратов соғып, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады. Украина - Қазақстан - 4:5 (0:1, 3:2, 1:1, 0:0, 0:1) 0:1 - 12:37 - Логвин 1:1 - 20:11 - Денискин (Мережко) 1:2 - 30:33 - Ляпунов (Логвин, Симонов) 1:3 - 32:30 - Старченко 2:3 - 33:55 - Мережко (Пересунько, Трахт) ГБ 3:3 - 39:42 - Пересунько (Ратушный, Косарев) 4:3 - 50:58 - Фадеев (Хребенюк, Трахт) 4:4 - 51:45 - Мұратов (Данияр, Шестаков) 4:5 - 65:00 - Мұратов ПБ Қақпашылар: Бояркин - Дьяченко Осылайша, 11 ұпай жинаған Қазақстан әлем чемпионатының «алтынын» жеңп алып, элитаға шықты! БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ