logo
9 февраля 2026
«Astana Team» халықаралық турнирге қатысу үшін Канадаға аттанды
Қазақстанның «Astana Team» балалар-жасөспірімдер командасы халықаралық Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирінде ел намысын қорғайды. Жарысқа 2013 жылы туған ойыншылар қатысады. Қазақстандық команданың құрамына «Торпедо», «Астана», «Юность» клубтарының хоккейшілері, сондай-ақ Алматыдағы «Тайгерс» пен «Академия Михайлова» командаларынан бір-бір ойыншы енді. Жас хоккейшілер AA Elite тобында өнер көрсетеді. Бір жыл бұрын Қазақстан командасы дәл осы топта және осы жас санатында күміс жүлде иеленген болатын. Қазақстандықтардың қарсыластары Канада, Швейцария, Корея, АҚШ және Польша клубтары болады. Турнирдегі алғашқы матчтарын олар 11 ақпаннан 12 ақпанға қараған түні канадалық «ÉCOLE FADETTE VERT ET NOIR» командасына қарсы өткізеді. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ