logo
8 декабря 2025
Антон Васин: «Өкініп отыруға уақыт жоқ»
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері овертаймда 1:2 есебімен аяқталған Украинаға қарсы өткен матчқа қатысты пікір білдірді: - Жалпы матчқа келсек, жігіттер ойынға жақсы дайындықпен шықты, бірінші кезеңде жақсы қозғалып, мүмкіндіктер жасап, соққылар жасап, қайта соғуға ұмтылды. Алайда әрі қарай көп нәрсе жүзеге аспай қалды, бұл шамадан тыс қалау, қатты толқу мен уайымның әсері деп ойлаймын – барлығы әсер етті. Іске аспаған мүмкіндіктер өте көп болды, тіпті 100 пайыздық сәттер де жүзеге асқан жоқ. - Негізгі үміт артылған, көшбасшы ойыншылар тарапынан кеткен мұндай айқын қателіктерді қалай түсіндіресіз? - Мұны жігіттердің өз мүмкіндіктерін бастапқыда жүзеге асыра алмауымен түсіндіремін. Соның салдарынан олар қобалжи бастады, иықтарына үлкен жауапкершілік түсті, жеңіске деген зор ықылас та әсер етті — сірә, осының бәрі қателіктерге алып келді. Қақпашымыз матчты өте жақсы өткізді, жарайсың деуге болады, бізді ойында ұстап тұрды. Жігіттер де оған көмектесті: шайбаларды өздеріне қабылдап, соққыларды бөгеп отырды. Өкініп отыруға уақыт жоқ, бүгін жіберген қателіктерді түзетіп, келесі матчқа дайындықты бастап кеттік! Алда қалған барлық ойындарда жеңіске жету керек. Жігіттердің мінезі де, жеңіске деген құлшынысы да өте жоғары, тек бір сәт тыныстап, сабырмен, салқынқандылықпен мұз айдынына шығу қажет. Тек алға! БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ