logo
20 февраля 2026
2026 жылғы әлем чемпионатына БАҚ-ты аккредиттеу
IA дивизионындағы хоккейден әлем чемпионатына аккредиттеу басталды. 2–8 мамыр аралығында Польшадағы Сосновец қаласында бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жолдама алу үшін Польша, Франция, Украина, Литва және Жапония құрамаларымен бақ сынайды. Аккредиттеуден өту үшін БАҚ өкілдері ИИХФ сайтында сілтеме арқылы өтінім беру тиіс - https://www.iihf.com/en/static/5483/accreditation Өтінімдер тек жазатын журналистер мен фотографтардан 2026 жылғы 26 наурыз күні сағат 16:00-ге дейін (Қазақстан уақытымен) қабылданады. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ