logo
23 января 2026
ҚӘЧ-U18. Нидерландыны ірі есеппен жеңдік
18 жасқа дейінгі Қазақстанның қыздар құрамасы IIA дивизионындағы әлем чемпионатындағы төртінші кездесуін Нидерланд құрамасына қарсы өткізді. Голдар ұзақ күттірмеді — алғашқы жиырма минутта есеп 0:4 болды. Екінші кезеңде біздің хоккейшілер тағы екі шайба соқты, ал матчтың нүктесін Анфиса Новикова қойды. Айта кетейік, ол бұл ойында хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ Ульяна Куклина, Василиса Шуклина және София Муравьева да мергендік танытты. Нидерланд U18 – Қазақстан U18 – 0:7 (0:4, 0:2, 0:1) 0:1 – 05:18 – Куклина (Муравьева, Нигматуллина) 0:2 - 05:46 – Новикова (Шуклина) 0:3 - 12:26 – Шуклина (Новикова) 0:4 – 17:03 – Новикова (Шуклина) 0:5 - 24:46 – Муравьева (Нигматуллина, Куклина) 0:6 - 33:44 – Новикова (Муравьева, Куклина) ГБ 0:7 - 45:58 – Новикова (Шуклина) Қақпашылар: Прене – Яковлева Турнирдің соңғы матчы біздің қыздар үшін жоғары дивизионға шығу жолындағы шешуші ойын болмақ. Жексенбі, 25 қаңтар күні Қазақстан құрамасы биыл IB дивизионынан төмен түскен Корея құрамасына қарсы ойнайды. Турнир кестесінде кореялық хоккейшілер Латвиямен өткен ойында бір ұпай жоғалтып, екінші орында келеді. Алдағы матчтың тікелей көрсетілімін InHockey.tv эфирінен тамашалаңыздар. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ