Сегіз ойыншы әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында дебют жасады

Литваға қарсы матчта бірден сегіз хоккейші ұлттық құрама сапында әлем чемпионатында дебют жасады. Олар: «Номад» ойыншылары – Артур Гатиятов, Кирилл Никитин, Кирилл Ляпунов және Бейбарыс Оразов, «Барыс» хоккейшілері – Всеволод Логвин, Ансар Шайхмедденов, Семен Симонов, сондай-ақ Өскеменнің «Торпедо» клубының қорғаушысы Федор Хорошев.
Бұл ойында ұлттық құрама сапындағы алғашқы голдарын Артур Гатиятов, Семен Симонов және Федор Хорошев соқты.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ