1 апреля 2026
Қазақстан жасөспірімдер командасының оқу-жаттығу жиындары 2 сәуірде өтеді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы IA дивизионындағы әлем чемпионатына дайындықты 2 сәуір күні «Барыс Аренада» бастайды. 11 сәуірде жас хоккейшілер Польшаға аттанып, турнирге дайындықты жалғастырады және 15-і күні Словения құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Жоғары дивизионға жолдама алу үшін біздің жасөспірімдер Швейцария, Украина, Словения, Венгрия және Польша құрамаларымен тартысады. Ойындар айналым жүйесі бойынша өтеді, элитаға шығу үшін команда турнир кестесінде бірінші немесе екінші орынды иеленуі тиіс.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ