Eurasia Jastar Cup 2026. Қазақстандық жасөспірімдер Беларусь құрамасын жеңді

Eurasia Jastar Cup 2026 халықаралық турниріндегі алғашқы ойында Қазақстанның 18 жасқа дейінгі құрамасы Беларусьтің U17 командасымен кездесті. Бірінші кезеңде есепті алаң иелері ашса, екінші кезеңде басымдықты 3:0-ге дейін жеткізді. Алғашқы шайбаның авторы Жахангер Тілеухан болса, Данил Челюк дубль жасап көзге түсті. Қарсылас біздің құраманың қақпасын бұза алған жоқ — 3:0, алғашқы ойындағы сенімді жеңіс!
Қазақстан U18 – Беларусь U17 – 3:0 (1:0, 2:0, 0:0)
1:0 – 16:57 – Тлеухан
2:0 – 29:28 – Челюк (Ануфриев, Гасников)
3:0 – 36:48 – Челюк (Коленко)
Қақпашылар: Мыльников - Забава
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ