ӘЧ-2026. Турнирдің алғашқы ойынындағы жеңіс

IA дивизионындағы әлем чемпионатының алғашқы матчында Қазақстан ұлттық құрамасы Литвамен кездесті. Қарсылас алғашқы минуттарда артық құраммен гол соқты, алғашқы қырық минутта есепті теңестіру мүмкін болмады. Үшінші кезеңде есепті теңестіруге қол жеткізілді – голды Кирилл Савицкий соқты. Кейін ұлттық құраманы алға Артур Гатиятов шығарды, ол ұлттық құрама сапындағы дебюттік шайбасын енгізді. Ойынның аяқталуына бес минут қалғанда Семен Симонов есепті 3:1-ге жеткізді — ол да дебютант ойыншы. Федор Хорошев бұл кездесудің нүктесін қойды — 4:1.
Литва - Қазақстан -1:4 (1:0, 0:0, 0:4)
1:0 - 01:56 - Бендзиус (Гинтаускас, Алисаускас) ГБ
1:1 - 41:23 - Савицкий (Оразов, Бекетаев)
1:2 - 46:54 - Гатиятов (Әсетов)
1:3 - 55:08 - Симонов (Никитин, Логвин)
1:4 - 58:17 - Хорошев
Қақпашылар: Науседа - Шутов
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ